Мендік шыдам үзіп кетер шылбырын – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Мендік шыдам үзіп кетер шылбырын» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 543
Қатыгездің қанған кезде құмары,
Жүрегіме бар әлем кеп тұнады.
Ар мен дардың алаңына айналған,
Менің жаным – шыдамдылық сынағы.
Көзіне ілмей көкте жүзген күн-айды,
Дәлдүріш кеп шыдамымды сынайды.
... Тамырына балта шапса тексіздер,
Қарағай да құлайды.
Ер болсаңыз төзіп көрші мынаған,
Арам – анау, қалталыға үнаған.
Әділдігі әл үстінде жатқанда,
Адал – анау, шашын жайып жылаған.
Көз ашпаған сынақтан,
Көрмәдіктер осы «салтты» ұнатқан.
Қасиеттің қағбасындай қарт әні,
Естіледі жырақтан.
Жебірлері жұлқыласа бір-бірін,
Не тындырар жалғыз шыққан тұлдыр үн?
Дегенмен де...
Шырылдаса шындығым,
Мендік шыдам үзіп кетер шылбырын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мендік шыдам үзіп кетер шылбырын өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Мендік шыдам үзіп кетер шылбырын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мендік шыдам үзіп кетер шылбырын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мендік шыдам үзіп кетер шылбырын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері