Бұл бетте «Ібіліс» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаратқанның күшіне,
Таңдан.
Күй ғып шерте біл.
...Ібілістің ісіне,
Табынады кей тобыр.
Жанын жаулап өзгенің,
Ірітеді ібіліс.
Шел басқанға көздерін,
Ібілісің – құбылыс.
Періштеге сенбейді,
Ібіліске сенеді.
Айтқаныңа көнбейді,
Ал, сайтанға көнеді.
Көздің жасы тамады, ә,
Жүрек қайтіп жан бағар?
Сайтан сарып санаға,
Кеткеннен соң бар ма амал?
Бақастықтан басталған,
Жердің беті – қайшылық.
Пенделерге аспаннан,
Қарап тұрар ай сұлық...
Жын көрінді көзіне,
Жаратқаным жай қалып.
Ібіліске өзі де,
Кетті сосын... айналып...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі