Мен қағазға тағдырымды көшірем
Бұл бетте «Мен қағазға тағдырымды көшірем» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қара түн кеп басқан кезде иықтан,
Мұң келеді, күліп қойып миықтан.
Сосын... жанның жақпарынан жай ұшып,
Сезім тұрар, қабырғасы қайысып.
Жан-жағымнан қаумалайды көп сұрақ,
Қараңғылық.
Жағатұғын жоқ шырақ.
Өркөкірек өзгелердің зауалын,
Өзіме алам.
Күткен емен сауабын.
Тұңғиықтың ашам-дағы есігін,
Сен үшін де сұрай салам кешірім.
Аяқ асты қылсаң егер арыңды,
Қоятұғын жер таппаймын жанымды.
Бар шаттыққа сен лайық – білгенім,
Басқаларға тосын сыйлық – күлгенім.
Өзімді-өзім ұзақ түндер қажадым,
Таусыла ма, осы менің азабым?..
Бітер деме, бар азабым осымен,
Мен қағазға тағдырымды көшірем...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі