Түс. Түсініксіз түн – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Түс. Түсініксіз түн» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 602
Әлденеге келетіндей жылағым...
Қайда көшіп кеткен менің тұрағым?
Маң далаға маңып барам түсімде,
Көз алдымда көлбеңдейді құладын.
Құладынды ойлаушы едім өлген деп,
Қайдан ғана шыға келді көлбеңдеп?
Құладыным кетті айналып құзғынға,
Ғұмырымда мұндай сұмдық көргем жоқ...
Салмақты еді, өзек болған дастанға,
Сабыр кетіп қалды осы сәт тастан да.
Құзғын енді айналды да қыранға,
Сіңіп кетті аспанға...
Аспан болса, көлгірсіп
Сәл тұрды да, төкті маған мөлдір шық.
Ой, анашым!
Қашан келген қасыма,
Ол да аспанға қарап қапты, қолда – ұршық.
Арманымның арнасы енді толмай ма,
Бұл сиқырдан шығатұғын жол қайда?
Қыран енді бұлттан шығып, бұлт етіп,
Кетті айналып, қаптап жатқан торғайға...
Сұрақтарым жанды жатыр ұңғылай,
Болады деп ойлады екен кім бұлай?
... Көзімді ашам – үйде екенмін.
Бір құзғын
Мола жақтан сұңқылдайды.
Сұмдық-ай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түс. Түсініксіз түн өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Түс. Түсініксіз түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түс. Түсініксіз түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түс. Түсініксіз түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері