Бұл бетте «Үрей» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(аударма)
Жүрегім, қарадың ба
артыңды
шындап, тегі?
Біреу бар, жаңа мұнда
шақырды
ымдап мені.
Сенбісің? Бұл сен бе едің?
Құйындар жүр сенделіп.
Ай-шалғы қадалады.
Сенбісін, табынғаным,
ұнатқан, сағынғаным –
ерем бе саған әлі?
Заңғар көкке жол шегіп
әрі ұшайық.
Теңіздерде өртеніп
табысайық.
Құс қанат құйындарым,
жаныма жиыл бәрің,
қанат бер - қалғымайын!
Шаттанып, толып-тасып,
өзіңмен қол ұстасып,
сүйіктім, қалжырайын!
Отына тажал қыстың
крестің - ажал күштің
өртеніп жануы үшін,
тоқтамай құз-шыңдарға
жұлдызды тылсымдарға
оқ болып ағу үшін
бер маған құс қанатын!
АЛЕКСАНДР БЛОК
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі