Тағы да қар
Бұл бетте «Тағы да қар» атты Фариза Оңғарсынова жазған табиғат туралы өлең берілген.
(аударма)
Тағы да боран жағаның
іздерін бітеп, қарды үйді.
Бетінде қарлы даланың
қос жұлдыз ғана қалғиды.
Ақырып соққан құйын жел
адуын суды сапырған,
Күртіктен жал-жал үйілген
молаға ұқсап жатыр маң.
Даланы жаулап, түн қатып
жүйріктей үзген жүгенін
аспан мен жерді шулатып
сайранды салып жүр елім.
Қорабльдер де қалғыған
быт-шыт боп желкен желге ұшып,
шырмап ап бәрін қар-жылан
діңгектер қалған жер құшып.
Даланы кезіп сұм ажал
кернейін қарлы сарнатып,
күртікке толы жыралар,
көрінбей көзге алда түк.
Дала мен шырқау шың-құздар –
бәрінде сұрғылт бір ажар,
Жылаусыз, нұрсыз жұлдыздан
сығалай қарап тұр ажал.
АЛЕКСАНДР БЛОК
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі