Бұл бетте «Қар басып қалыпты қаланы» атты Алма Түсіпбекова жазған табиғат туралы өлең берілген.
Түн ауған.
Тағы да жалғызбын,
Жанымды торлаған жалқы мұң.
Құлақ сап үніне қар-қыздың,
Мен-дағы қар болып қалқыдым.
Қалқыдым, қар болып қалықтап,
Көкте едім...
Төменге құладым.
Ашуды тұрады алып қап,
Бойымда тулаған бір ағын...
Өзіне нағыз дос тапқандай,
Сезімім ақ қардан тоңбайды, ә?!
Қара жер...
Соры оның батпандай,
Аспанға қайтатын жол қайда?..
Шаттықтың көйлегі тозғасын,
Ұштың ба мәңгіге, бастан бақ?
Қар-қыздың моншақтай көз жасын,
Көрдің бе, аспан жақ?..
Мекенім – баяғы ар-мекен,
Серік қып жүргенім наланы.
... Сілкінер күш онда бар ма екен,
Қар басып қалыпты қаланы...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі