Қазақпын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 541
Айтқан сөзі даритын,
Тасқа жазған тарихын,
Тағдырыңның өзегіне жармасқан,
Сөздері ше!
Тіліп түсер алдаспан –
Қазақпын мен!
Ақ үмітпен ататұғын әр таңы,
Ерен ерлік қалқаны,
Ұмытпаған туған жерге парызды,
Батылдықтың синонимі тәрізді –
Қазақпын мен!
Бойын буған күш-ағын,
Досына ашқан құшағын,
Санасына ұя салған ізгілік,
Адал досым!
Саған тұрған үздігіп –
Қазақпын мен!
Қынға салып қылышын,
Осы – менің тұрысым!
Өктемдігің көңіліне жақпаған,
Дүниені табанымен таптаған,
Қазақпын мен!
Еркіндігім – Алла берді сыйымды,
Көр, бүгінгі күйімді!
Жомарттықпен бағалаған табысын,
Әлем білген абырой мен дабысын,
Қазақпын мен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақпын өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Қазақпын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қазақпын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақпын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері