Оқжетпес

Бұл бетте «Оқжетпес» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1088
Шын биікке немене —
шаншылып-ақ кеткен тік.
Біреу-міреу төбеме
шығып қояр деп қорқып.
О, түсінем, түсінем
ескендерді аспандап:
шығам деген кісіге
қалдырмайды баспалдақ.
Қалған білем кәрі боп,
құпия сыр түйіп көп:
аласаның бәріне
ерегесіп биік боп.
Мыңғыр етпей мың жылға,
тұр ол солай қасқиып.
Айна-басы бір жұмбақ,
айналасы — тас-түйін.
Қамшылатпас құр аттың
құлағындай қиық боп.
Ішін төбе-қыраттың
күйдіруге биік боп.
Іштен тынып күйіп тек
Біржан әнін айттым мен.
Қарай-қарай биікке
аласарып қайттым мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оқжетпес өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Оқжетпес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оқжетпес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оқжетпес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері