М. Жұмабаевтың «Жүсіп хан» дастанын оқығаннан кейінгі ой –
Алма Түсіпбекова
Бұл бетте «М. Жұмабаевтың «Жүсіп хан» дастанын оқығаннан кейінгі ой» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаратқаным!
Берші маған – мүмкіндік,
Құдірет бер бір күндік.
Сонда бұлттан ашар едім аспанды,
Састырар ем асып, сосын тасқанды.
Қара ойлардың ағартар ем түстерін,
Қорқаулардың қағар едім тістерін.
Ақ түстерге ғұмыр сыйлап мәңгілік,
Теріс ойды жіберер ем жандырып.
Адалдарды шың басына шығарам,
Арамдарды азаптауды құп алам!
Ізгілікті оздырамын төріме,
Қатыгезді айдап салам көріне.
Жақсылардың сылып алам қайғысын,
Еңбегіне орнатамын сай мүсін.
Жамандардың жай ойнатам басына,
Таяп қойып барлық сорды қасына.
Шаттығына куә болып шартарап,
Әділдік бір құрар сонда – салтанат.
Жаратқаным!
Берші маған – мүмкіндік,
Сыйла маған құдіретті бір күндік!..
Жаратқаным!..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі