Тұңғиық көзімде – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Тұңғиық көзімде» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 594
Сезімімді бағаламағаныңды,
Махаббатымды табалағаныңды,
Өзіңнен көр.
Сені шексіз сүйетіндігімді,
Сен үшін отқа күйетіндігімді,
Көзімнен көр.
Мені мұңға батырғаныңды,
Шарасыздықты шақырғаныңды,
Өзіңнен көр.
Бақытыма сені балағанымды,
Шұғыла болып тарағанымды,
Көзімнен көр.
Биік деуші едім, аласалығыңды,
Кеудеңе толған нала-сарынды,
Өзіңнен көр.
Тұңғиық сынды тереңдігімді,
Сезімге берік ерендігімді,
Көзімнен көр.
Жанымның шамын сөндіргеніңді,
Төбемнен түнек төндіргеніңді,
Өзіңнен көр.
Сені мәңгіге кешіретіндігімді,
Жібек самалдай есілетіндігімді,
Көзімнен көр...
Көзімнен көр!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұңғиық көзімде өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Тұңғиық көзімде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұңғиық көзімде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұңғиық көзімде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері