Көктем екен – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Көктем екен» атты Алма Түсіпбекова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 575
Көңілшектеу көк аспан,
Жасын төкті тағы да-
Бағытынан адасқан,
Жете алмаған бағына.
Жер сабырлы қалпында,
Басу айтты аспанға.
Күн күледі алтындай,
Жылу есіп тастан да.
Жасын сүртті жылы жел,
Көңілшектеу аспанның.
Тұңғиықтың жыры – көл,
Толқынды би бастады.
Тұр, тағдыр-жел өтіне,
Қажет емес қайта есеп.
... Шықты жердің бетіне,
Қарды жарып бәйшешек.
Қайта оралды көңілге,
Құстарменен, текті арман.
... Шаттық болып төгілген,
Көктем екен, кеп қалған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем екен өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Көктем екен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем екен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем екен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері