Махаббаттың жазасы – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Махаббаттың жазасы» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 652
Сен – айыптысың.
Жазаға тартыласың,
Содан кейін мәңгілік талқыдасың.
Білесің бе, жаным-ау, айыбыңды,
Махаббаттың қашаннан жайы мұңды.
Замананың айналған ермегіне,
Кінәлісің - өмірге келгеніңе.
Жүрегіңе сыйдырып шапағатты,
Кінәлісің – маздаттың махаббатты.
Сабырымды әкетіп – айшылыққа,
Сезімімді қалдырдың қайшылыққа.
Қайырлады қайраңға төзім-кемем,
Кінәлісің – түніме, көз ілмеген.
Тыныштығым үрікті, тағылымды,
Кінәлісің – сарықтың сабырымды.
Айналғансың махаббат аңшысына,
Кінәлісің – көзімнің тамшысына.
Шарпығандай жанымды тылсым демің,
Тағы кінәң – ол менің күрсінгенім.
Арманымның аумағы – байтақ ерен,
Кінәлісің – атыңды айта берем.
Таппай қалдым шешімін тең есептің,
Кілтін «ұрлап» алыпсың келешектің.
Әлемдегі ең тәтті азабым-ау,
Тағылатын өзіңе жаза – мынау:
Жегілеміз, сезімнің жетегіне,
Бір барамыз махаббат мекеніне.
Берілмейміз ешқашан қайғы-мұңға,
Бір барамыз аққулар айдынына.
Бақыт құсын алмаймыз өкпелетіп,
Жанымызды жүреміз көктем етіп.
Түнектерді серпеді алауымыз,
Ал, адалдық – көктегі жалауымыз.
Бірімізді-біріміз аялаймыз,
Мәңгіліктің мекенін саялаймыз.
Сенің салған әніңе қосыламын,
Махаббаттың жазасы – осы, жаным!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббаттың жазасы өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Махаббаттың жазасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббаттың жазасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Махаббаттың жазасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері