Өлең, жыр, ақындар

Жайлау жыры

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 737
Жамылса көк пүлішін анау қырлар,
Бұл күні көмей түгіл, танау жырлар.
Сапырылған сары қымыз сарынымен
Жай ғана әндетеді самаурындар.
Жайлауда тусын, шіркін, туса күйші,
Көк түтін болар ма екен мұнша биші.
Пысқырса үй сыртында арқандаулы ат,
Мұрныңды жарып кетер жусан иісі.
Өтсең де ұйықтамастан бір түн мейлі,
Сен үшін өз қамыңды жұртың жейді.
...Сақталған қыстан бері қонақтарға
Сүр еті жерошақта бүлкілдейді.
Кемпір-шал бір-бірімен қауқылдасып,
Жастардың жаңғырық бар даусында ашық.
Сыздаған желіндері сиырлар да
Өрістен оралады мауқын басып.
Көзіңе бір ғажайып шалынғандай,
Боласың тағы да одан жаңылғандай,
...Манаурап жайлы кеште жайлау жатар,
Алтынға белшесінен малынғандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайлау жыры өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Жайлау жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жайлау жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайлау жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері