Бұл бетте «Ауылға барсаң, қиыр бар» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
17.09.2021
0
0
1036
Ауылға барсаң, қиыр бар,
Жүректің болар сол емі.
Өрістен қайтқан сиырлар
Өлеңін айтып келеді.
Самалдарды сөйлетпей,
Құмға сіңіп кетті күн.
Жел көтерген көйлектей
Көлбеңдейді көк түтін.
Кештің мимырт кезі нақ
Түнге айналар төзе алмай.
Көгендегі қозы-лақ
Көкжиектен көз алмай...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі