Көктем салқыны – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Көктем салқыны» атты Серік Тұрғынбеков жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 606
Өзгеріп әз өлкенің түсі неше,
Алмады ағынына қыс ілесе.
Иіскеп боз көдені баран айғыр,
Дауысы жер жарғандай кісінесе.
Дүние сол дауыстан сергігендей,
Желпініп, жандануын жел білердей.
Жылыстап келіп қалған аққу-қаздар
Дұрыстап қона алмайды көлді көрмей.
Жасарып кәрі тамыр әл кіргенде,
Бас алып бар бастаудан қан жүргенде.
Жарылып кетпей көктем қалай жатыр,
Қадірін адам түгіл, аң білгенде?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем салқыны өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Көктем салқыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем салқыны өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем салқыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері