Өнердегі бала дарын

Бұл бетте «Өнердегі бала дарын» атты Қадыр Мырза Әли жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4604
Өнердегі бала дарын,
Жас дарын
Ілтифатпен иді маған бастарын.
Асыл жырдың құпиясын ақтарып,
Адамдардың айналдырдым астарын.
Жігіт болып, рас, кейде ойнадым.
Көбіне-көп бірақ істі ойладым.
Мұхиттағы батисфера сияқты
Бұл өмірдің тереңіне бойладым.
Хайуаналар кейуананы аяп па?!
Жігітіңді жығар мігіт таяққа!
Жақсылықты жалау қылып аспанға,
Жамандықты шұлғау қылдым аяққа!
Қызыл-жасыл құйрығындай тотының.
Шұғылалы сөзден шілтер тоқыдым.
Тура келсе — адам сырын көзінен,
Жалт бұрылса — жауырынынан оқыдым.
Сезім оты өшпейтұғын тамаша от.
Ақ алауға айналмайды шала шоқ.
Мен — Абайдың інісімін жырдағы,
Екеуміздің арамызда бала жоқ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өнердегі бала дарын өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Өнердегі бала дарын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өнердегі бала дарын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өнердегі бала дарын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері