Көкте бұлттар жортқанда

Бұл бетте «Көкте бұлттар жортқанда» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 601
Көкте бұлттар жортқанда
Жауады деп қорықпаңдар.
Бәрін болжап білетін
Көкіректі қарттар бар.
Сапасы жоқ, саны бар,
Тірліктің не мәні бар?!
Қабағынан қарттардың
Тағдырыңды танып ал.
Аптығыңды төзімге арт,
Шаттығыңды сезімге арт.
Егер қарттар болмаса,
Болар едің өзің қарт.
Аттар болсаң бір адым,
Болсын мекен, тұрағың.
Адастың ба,
Жолыңды
Тек қарттардан сұрағын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкте бұлттар жортқанда өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Көкте бұлттар жортқанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкте бұлттар жортқанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкте бұлттар жортқанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері