Өлең, жыр, ақындар

Байқа, досым, менен еш түңілме сен

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 713
Байқа, досым, менен еш түңілме сен,
Ұрынбайсың, жаныма үңілмесең.
Ессіз-түссіз бір қызға ғашық болып,
Түні бойы көзіңді бір ілмесең.
Тамылжыса тірліктің бағы нумен,
Өз арнаңда өрекпіп ағыныңмен.
Алты жаста айрылып, өтер болсаң
Алақанын әкеңнің сағынумен.
Сонда мені ұғасың, сонда ғана,
Сайран салған сағымдай кең далада.
Жігіт сырын ұқпай ма жақын досы,
Қыздың сырын ұқпай ма жеңге ғана.
Биіктікті білесің ұшып алып,
Тереңдікті танисың түсіп алып.
Жар құшағы жандырар өрт екенін
Көзің жетер алдымен құшып алып.
Қорқыныштан болар ма қауіптенбей,
Сірә, құмар қанар ма сауық көрмей?!
Ат қадірін білер ме ең сар далада,
Сары желпіп салдыртып шауып көрмей?!
Бұра қашып, бой бермей, бағыт бермей,
Қыз-қыз қайнап, шоқтанып шабыт келмей.
Білмейсің, дос, сен мені
Өзің де бір
Өзенінде өмірдің ағып көрмей.
Суға салсаң сол темір асылданып,
Жайнайды жаңбырдан соң жасыл жарық.
Ақын болсаң жүріп көр өлең жазбай,
Түсінерсің сен мені сосын барып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сөзім менің

  • 0
  • 0

Сары алтындай сақталған сөзім менің,
Тағдырыңды жиі ойлап көз ілмедім.
Сөз – бала ғой,
Баладан анасының

Толық

Жарылшы жүрек ағынан

  • 0
  • 0

Жарылшы жүрек ағынан,
Табылшы көңіл бабынан.
Қаншама құлаш ұрсаң да,
Аспайды балта сабынан.

Толық

Кеңейіп қара шаңырақ

  • 0
  • 0

Кеңейіп қара шаңырақ,
Сарыарқа сайран – сары бел.
Қозы мен қойдай жамырап,
Қосылып жатыр қалың ел.

Толық

Қарап көріңіз