Арман Дүние

Бұл бетте «Арман Дүние» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 775
Арман Дүние,
Артар жүгің аз ба еді,
Айтатының өкпе ме еді – наз ба еді?
Айдыныңнан баяғыдай ұшатын,
Аққу ма еді, әлде үйрек-қаз ба еді?
Менің әлі көншімейді көңілім,
Сол баяғы дүниенің таз кебі...
Тату болмай,
Қату болса қалың ел.
Тіршіліктің ұстап қалар безгегі.
Өзін сыйлап жарытпаған ағайын
Өз қасына тарта алмайды өзгені.
Басқалардың ақыл-ойын қорытпас
Болмаған жан жүрегінде өз кені.
Баяғыдан жібек тұтып жүргенің
Бояуы оңып, түсі қашқан бөз бе еді?!
Босқа кетті құмға сіңген судай-ақ,
Бұған дейін байқағаны, сезгені.
Қырын қарап жүрді қырғыз туысқан,
Өбектемей өз ағасы – өзбегі.
Болды жалғыз орыс – бауыр, орыс – дос,
Қарашықтай қорғап қалар көздегі.
Сол баяғы сары аязы ақпанның,
Айдарыңнан есер емес жаз желі.
Ағайынға ештеме де жетпейді
Араласқан алас-күлес кездегі.
Бәрін өлшеп, бәрін пішіп шығарар
Төрт құбыла – дүниенің безбені.
...Аштан өлмей,
Көштен қалмай әйтеуір
Тірі болып жүргеніне мәз көбі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман Дүние өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Арман Дүние өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман Дүние өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман Дүние өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері