Аспаннан да асқақ-ау – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Аспаннан да асқақ-ау» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 567
Аспаннан да асқақ-ау
Ақындардың арманы.
Қолдан қылыш тастамау –
Батырлардың арманы.
Туған жерге гүл өссе,
Ол да болса қуаныш.
Жарқын жайсаң жыл өтсе,
Ол да жанға жұбаныш.
Туған жерге әлдекім
Жиіркенішпен тас атса,
Қайғы шегіп қам көңіл,
Қара түнде қош айтса.
Жауыздықтың сондағы
Белгілі ғой өлері.
Батырлардың қолдағы
Қылышындай өлеңі.
Нағыз ерлер өледі,
Солар үшін налалы ел.
Қылыш кескен денені
Құшақтайды қара жер...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аспаннан да асқақ-ау өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Аспаннан да асқақ-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аспаннан да асқақ-ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аспаннан да асқақ-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері