Барақ соры – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Барақ соры» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 542
Барақ бақыт іздемепті өзгеден,
Бірақ жікшіл жалғандыққа төзбеген.
Бақасқанын батылдықпен басып ап,
Бір-ақ жолды – шындық жолын көздеген.
Бірақ заман дегеніне көнбепті,
(Енді ол болмай, боламын ба мен кекті?!)
Көкіректі қарс айырған қайғыны
Көл боп аққан көз жасымен емдепті.
Бірақ оны бай ұқпады, ел ұқты,
«Пері де емес, жынды да емес желікті».
– Құдай мені жаратқан, – деп, – сорлы ғып, –
Содан батыр сорға түсіп өліпті.
Аңыз ғой бұл... өтірік пе, шын ба әлі,
Елдігімен, ерлігімен кім мәлім?!
...Сортаң сордан татып алсаң білесің
Қайғы-зардың ащылығын мұндағы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барақ соры өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Барақ соры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барақ соры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барақ соры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері