Айрылған дала бейбақ Балқашынан

Бұл бетте «Айрылған дала бейбақ Балқашынан» атты Серік Тұрғынбеков жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 595
Айрылған дала бейбақ Балқашынан,
Жағалау,
Жасыл белес,
Жартасынан.
Түскен бір сергелдеңге серідеймін,
Көз жазып ойда жоқта қалқашынан.
Залымның,
Занталақтың залалынан,
Айрылған дала бейбақ Аралынан.
Қанаты өртке тиген қарлығаштай
Онсыз да жарақатты, жаралы жан.
Айрылған дала бейбақ аң-құсынан,
Солардың қан қайнайды қайғысынан.
Төзімім жетер емес,
Біткен дейсің –
Кімдердің маңдайына мәңгі шыдам?!
Тал түсте
Түстім сөйтіп әбігерге,
Тартпай-ақ қойғаны ма бағым өрге?!
Тарқылдап «арғы беттен» күлді біреу:
«Түбінде айрыларсың бәрінен де!»
Кісіге ұқсамадым сағы сынған,
Кезімде жауап іздеп жан ұшырған.
Ант еттім!
Айрылмасқа мәңгілікке
Салтымнан,
Дәстүрімнен,
Намысымнан!
Жай түссе жағалауда – жартасқа ауыр,
Дертіңе бола алмайды ол тосқауыл.
Көп екен көрмегенің бұл жалғанда,
Шыдап бақ –
Арал – жүрек,
Балқаш – бауыр!
Не жазығым бар еді қырылғандай,
Бұл сұмдыққа жүруші ем бұрын нанбай.
Аждаһаның араны
Аралдан соң,
Балқаш жаққа біржола бұрылғандай.
Қиын болды-ау,
Табылмай кінәлі жан.
Шықты жауыз ақыры «құмарынан».
Арал – Балқаш –
Әуелден Егіз еді,
Кім айырған егізді сыңарынан?
Адам бар ма ойлаған өз басымен,
Аруанадай жырымды боздатып ем...
Кеуіп қалған арнаны кім толтырар,
Толтырмасам халықтың көз жасымен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айрылған дала бейбақ Балқашынан өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Айрылған дала бейбақ Балқашынан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айрылған дала бейбақ Балқашынан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Айрылған дала бейбақ Балқашынан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері