Түрімді жүдеттің
Бұл бетте «Түрімді жүдеттің» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түрімді жүдеттің,
Мұңымды үдеттің.
Жаза алмай сарсыттың
Жарасын жүректің.
Сыздаттың жанымды,
Мұздаттың тәнімді.
Тіл – мақау,
Көз – басыр
Қаптырып шаңыңды.
Асылды тот қылдың,
Нәсілді жоқ қылдың.
Тауға да, тасқа да
Басымды соқтырдың.
Қанымды қайнаттың,
Зарымды «сайраттың».
Сағымды сындырдың,
Бағымды байлаттың.
Жарығың сөнгесін
Жарымжан пендесің.
...Беу, дүние, сұм жалған,
Бар ма еді менде өшің?!
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі