Ауырсам, мен ауырайын – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Ауырсам, мен ауырайын» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1102
Ауырсам, мен ауырайын,
Аяулым-ау, сен ауырма!
Сездіретін ауа райын,
Ғажап сыр бар жанарыңда.
Қайғырсам, мен қайғырайын,
Қалаулым-ау, сен қайғырма!
Жоламасын мәңгі уайым
Болашақтың таңдарында.
Күрсінсем, мен күрсінейін,
Құрметтім-ау, сен күрсінбе!
Күзгі аспандай күркірейін
Найзағайлы сол бір түнде.
Мұңайсам, мен мұңаяйын,
Махаббатым, сен мұңайма!
Қалай сені кіналайын,
Бет бұрайын, енді қайда?
Жыласам мен жылайыншы,
Жарығым-ау, сен жылама!
Тәңіріден сұрайыншы,
Таныдым деп енді ғана...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауырсам, мен ауырайын өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Ауырсам, мен ауырайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауырсам, мен ауырайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауырсам, мен ауырайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері