Бұл бетте «Аяз сорып жер төсін» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
18.09.2021
0
0
839
Аяз сорып жер төсін,
Сұрланып тұр ерке аспан.
Қымтана алмай көрпесін,
Қитығады желтоқсан.
Көкте тұрған мекендеп,
Күн көзінде уайым бар.
«Қалай болар екем!» – деп
Қалтырайды қайыңдар.
Бойындағы күш тасып,
Дала қауырт қозғалар.
Қатты болса қыс басы,
Қайтымы да тез болар.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі