Өлең, жыр, ақындар

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу қабірі басындағы ой

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2746
Бұл жерге келсең, жаным, мұңдасып қал,
Болсаң да құмға асыққан, шыңға асыққан.
...Жұптасып бір қабірде қалдыңдар ма,
Осылай өледі деп шын ғашықтар.
Талқыға емес олар тез жасыған,
Көруге мұңды болған кезде асығам.
Қозы менен Баянның тас қабірі
Халықтың тамып түскен көз жасынан.
Аза тұтып, жамылып қара шәлі,
Аспан да кетті білем аласарып.
Қайғының ұясындай ұйып қалған,
Төсіне қара жердің жара салып.
Махаббат жоқ дегеннің бәрі өтірік,
Көрмесе жігіт жүдеп, жар өкініп.
Қалайша ажырайды адал жарлар
Қабірін қос ғашықтың көре тұрып?!
Тағдырды осылар ғой талақ еткен,
Бақытқа осылар ғой дара жеткен.
Қызықты қалдырды да мына бізге,
Қырсықты өздерімен ала кеткен.
Бұл күнде болмас енді аза мұндай,
Басынан ойын-сауық мәз арылмай.
Адамға адалдықты нұсқап тұрған
Мәңгілік махаббаттың мазарындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу қабірі басындағы ой өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу қабірі басындағы ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу қабірі басындағы ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу қабірі басындағы ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері