Жапа шеккен бір теңіз айдалада – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Жапа шеккен бір теңіз айдалада» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 653
Жапа шеккен бір теңіз айдалада,
Кейістікті әкелер кейде адамға.
Айықпайтын бір дертке айналдың ба,
Емі-домы табылмас – бейдауаға!
Әншейінде шешенмін, сұңғыламын,
Қазір даусым қарлығып, қылғынамын.
Мың министр ойланып, миы қатып,
Қиналады бар ақын, күллі ғалым.
Айтшы, халқым!
Шынында кім кінәлі?
Соны бәрі білуге ұмтылады.
Жан дауысы шырқырап,
Қайран Арал –
Бесіктегі сәбидей бұлқынады.
Болғанменен бір күн дау, бір күн – егес,
Бұлт болмаса жаңбыр да сіркіремес.
Айдың – күннің,
Аптаның аманында –
Аман-есен қалмауың мүмкін емес!
Мүмкін емес жұтылып жоқ болуың,
Өзегіңді өртеген екше-мұңын.
ЬІзаланған кезімде қарашы бір,
Айтар сөзім алқымға кептелуін!
Шықпаса да күнде атым, күнде атағым,
Мен де өзімше бұлқынып тіл қатамын.
Жамағаттың жетпесе құлағына,
Жан даусымды кімдерге тыңдатамын?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жапа шеккен бір теңіз айдалада өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Жапа шеккен бір теңіз айдалада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жапа шеккен бір теңіз айдалада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жапа шеккен бір теңіз айдалада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері