Қабір басындағы сөз

Бұл бетте «Қабір басындағы сөз» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 645
Өмірдің сазға бөлеп сахнасын,
Келтірмей затына мін, атына сын.
Жалт етіп, алмас қылыш секілденіп,
Жалғаннан өте шықты Ғафу ақын.
Жан едің өзі – қалқан, сөзі – мерген,
Жер болса қағып түсер кезі келген.
Сырбайдай сарбаздардың соңына еріп,
Қасымдай асылдарды көзі көрген.
Тамылжып жазған жырың таңғы бақтай,
Оқыса қалмаушы еді жан құмартпай.
Той көрсе, думан көрсе, дүбір көрсе,
Тыпыршып тұра алмайтын арғымақтай.
Шыбын жан қиын екен ұшарында,
Қалдырып кеттің бізді құса-мұңға.
Сыймаған кең дүниеге қайран Ғафу,
«Кеңсайдың» сыяр ма екен құшағына?!
Аға едің от-суымыз араласқан,
Жырыңды жаттап өстім бала жастан.
Қай жаққа жөнеп кеттің, қайран Ғафу,
Қарайлап алды-артыңа қарамастан?!
Өлеңді жазушы едің мөлдіретіп,
Халқыңды сөйлеуші едің елжіретіп.
Арқырап ете шыққан тұлпарым-ай,
Ақ туын ақындықтың желбіретіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қабір басындағы сөз өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Қабір басындағы сөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қабір басындағы сөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қабір басындағы сөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері