Бұл бетте «Түн. Шықтың келуі» атты Ислам Қосжан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шартарап теңіз шамалы,
Зер шашақ тегіс жан-жағы.
Қанаты түннің талады,
Басады шықтың салмағы.
Қисыны келген қиыннан,
Бір тәтті және бір ащы.
Қылығы көркем, қиылған,
Тұманға аппақ ұласты?!
Қайралып өткір ептілік,
Суырған қанжар қынынан.
Айналып жүрсе көп күдік...
Құрметі артық, сыйынан.
Шық тұнып жерге тамады,
Моншақтай мөлдір ірі боп.
Қол былғап кетіп барады,
Қарайтын түнге бірі жоқ.
Кеудесі бырт-бырт сөгіліп,
Сәулесі сылқым себіліп.
Көңіл ғой тұрған төгіліп,
Өмір ғой тұрған егіліп!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі