Білмеген жанға бәрі де жұмбақ –
Ислам Қосжан
Бұл бетте «Білмеген жанға бәрі де жұмбақ» атты Ислам Қосжан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Білмеген жанға бәрі де жұмбақ.
Тыңдадым таңда сыйқырлы ән.
Тұңғиық терең әріден жырлап,
Оятқан тәтті,
Ұйқымнан.
Күлкінің сөзін түсінбес ешкім,
Жұмбақ шығарсың мүмкін сен.
Мына әлемнің ішінде емеспін,
Бір күлсең.
Мәжнүн қылар тыңдаған жаңды,
Тыңдасам жалғыз шіркін мен.
Көрсетпей сенен ұрлаған әнді,
Ұрлаған әнді,
Күлкіңнен.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі