Əркімнің ойы әр басқа – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Əркімнің ойы әр басқа» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1015
– Қонақ келдi үйге, – деп,
Атасы қой сойып жатыр.
Ал, анасы кимелеп,
Ошаққа от қойып жатыр.
Тек баласы бəрiне,
Жайбарақат қарап отыр.
Қой асығы,
Əрине:
Менiкi деп санап отыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері