Үлкеннің тілін аламыз

Бұл бетте «Үлкеннің тілін аламыз» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1433
Ойын қуған баламыз,
Ана тiлiн аламыз.
Ана тiлiн алмасақ,
Кəрiп болып қаламыз.
– Қарлығашқа тимеңдер,
Ол жарықтық киелi.
Адамзатты ол сүйедi,
Содан жақын жүредi.
Оған тиген баланың,
Қолы сынып қалады, –
Деген сөзiн ананың
Бəрi есiне алады...
Ойын қуған баламыз,
Əке тiлiн аламыз.
Əке тiлiн алмасақ,
Секпiл болып қаламыз.
– Анау жүрген торғайлар,
Даламыздың сəнi ғой.
Оны бəрiң қорғаңдар,
Елжiретер əнi ғой.
– Жұмыртқасын алмаңдар, –
Деген əкем
– Жармаңдар,
Жарамын деп беттерi,
Секпiл болып қалған бар...
Ойын қуған баламыз,
Аға тiлiн аламыз.
Аға тiлiн алмасақ,
Ақсақ болып қаламыз.
– Мынау жүрген малымыз,
Күтiп жүрмiз бəрiмiз.
Суғарамыз шөп салып,
Ашиды оған жанымыз.
Малды тепкен адамның
Шорт сынып аяғы, –
Деген ағам:
– Шойнаңдап,
Ақсақ болып қалады...
Ойын қуған баламыз,
Əпке тiлiн аламыз.
Əпке тiлiн алмасақ,
Қисық болып қаламыз.
– Не шөмеле үйгенде,
Не қой жайып жүргенде, –
Деген əпкем:
– Далада
Ұйқтап əсте үйренбе.
Далаға еш жатпаңдар.
Ұйқтап қалып далаға,
Аузы-мұрны қисайып,
Масқара боп жатқан бар...
Ойын қуған баламыз,
Үлкен тiлiн аламыз.
Үлкен тiлiн алғаннан
Өсе берер санамыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үлкеннің тілін аламыз өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Үлкеннің тілін аламыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үлкеннің тілін аламыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үлкеннің тілін аламыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері