Өлең, жыр, ақындар

Жау деген не?

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1387
Жұрт бiлетiн қашаннан
Аңқау өмiр сүрiптi.
Бiрде ауылға жасанған
Сұм жау басып кiрiптi.
Жау келедi дегендi
Ол да естiп қалыпты.
Қолына ұстап жүгендi,
Атын ерттеп алыпты.
«Немене жау дегенi,
Қарсы алдынан шабайын.
Дұрыс болды-ау келгенi,
Жүзiн көрiп қалайын...»
Жеке келген аңқауды
Жау қоршауға алады.
Аңқау жайын байқады,
Iс қиындап барады.
Бiрi аңдап аңысын,
Бөркiн шауып түсiрдi.
Жау дегеннiң мəнiсiн
Аңқау жаңа түсiндi.
«Құртады ғой бұлар!» – деп
Жүйрiк атын борбайлап,
«Өзiмдi опат қылар!» – деп,
Аңқау қашты ойбайлап.
Жүйрiк аттың күшiмен
Жаны аман қалыпты.
Алаңғасар iсiнен
Үлкен сабақ алыпты...
Жау келсе егер елiңе,
Керегi жоқ танысып.
Қуып туған жерiңнен,
Құрту керек шабысып.
Қару алып сайысып
Өзiң үшiн,
Жер үшiн;
Өту керек алысып
Ұрпақ үшiн,
Ел үшiн...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кім қайда тұрады?

  • 0
  • 0

Почташы келiп сұрады:
– Алып кит қайда тұрады?
Мекенi,
Жайы,

Толық

Қақ суы

  • 0
  • 0

Жаңбыр жауды...
Қақ тұрды...
«Iшпе оны, лай су», – деп,
Сиырға тас лақтырды,

Толық

Интервью

  • 0
  • 0

Ауыл, шет аймақтан
Қалаға бармаққа,
Поезға алғашқы
Бiр мысық жайғасты.

Толық

Қарап көріңіз