Жазмыш

Бұл бетте «Жазмыш» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 479
Тағы бір жан қылтасынан қиылып,
Құс жолына бет алғанда арманда;
Жаратқаннан жарық сәуе бұйырып,
Келген екем өлең болып жалғанға.
Маған бірақ бақ құрғырың көнбеді,
Сұлудайын сүймесіне жолыққан.
Өмір биіне икемім келмеді,
Билей алмау ұят екен халықтан.
Болғым келген ғасырымның ақыны,
Қиялдандым ұлы болып өтем деп.
Шалқып жүріп шарап та іштім ақыры,
Омар Хаям бабам айтты екен деп.
Ауыр мұңға арқа тостым мен енді,
Құштарлығым артпай қойды өмірге еш.
Түсінсе сол түсінер деп өлеңді,
Бір сұлумен болып кеттім көңілдес.
Өмір дейтін той сияқты көңілсіз,
Тойдан ерте қайтқан дұрыс тегінде.
Талай достар болып кетті сенімсіз,
Кеше ғана бас байлайтын өлімге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазмыш өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Жазмыш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазмыш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазмыш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері