Өмірдің төтеп сан ағысына – Хамит Есеман

Бұл бетте «Өмірдің төтеп сан ағысына» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 533
Өмірдің төтеп сан ағысына,
Күндерім өтті шерге тең.
Бейнеңді байлап қалам ұшына,
Жаныңды үнсіз тербетем.
Бір кезде әппақ үміт болғансың,
Пәк болып түсіп хатқа да.
Жүрекке шық боп тұнып қалғансың,
Туғанда жұлдыз шоқтана.

Білінді бүгін наздың керегі,
Мезгілі өтті сүйектен.
Сен жайлы өлең жазғым келеді,
Ақ көңіл, адал ниетпен.
Мұңайып кетем кимелегенде ой,
Көңілім сырын ашпаса...
Мен сені бәлкім сүймегенде ғой,
Болар ма еді бәрі басқаша.
Қарайды түндер көз алмай менен,
Жаныма айықпас дерт еккен.
Сезімім жайлы жаза алмай келем,
Көз жасым сынды мөлт еткен.
Бағытым болар сөнбеші шырақ,
Ақ сезіміңді кеше гөр.
Ел айтса айтсын, сенбеші бірақ,
Мені ақын боп кеткен десе егер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірдің төтеп сан ағысына өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Өмірдің төтеп сан ағысына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірдің төтеп сан ағысына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірдің төтеп сан ағысына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері