Ақынмын сыймас жыры қауызға –
Хамит Есеман
Бұл бетте «Ақынмын сыймас жыры қауызға» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақынмын сыймас жыры қауызға,
Өзіңді сүйген өлермен.
Салғандай едің үріп ауызға,
Жаратылғандай өлеңнен.
Ес білгенімнен жасынды аңсадым,
Жырымнан алғаш жасырып.
Мойныма тағар асыл моншағым,
Қала көрмеші шашылып.
Мұңайса сұлу әлем өледі,
Қарсы дау айтар бұған кім...
Өзіңді көргім келе береді,
Ғашық боп қалған шығармын.
Көрмеші менің ақылымды аздан,
Әр күнім өтер әрқалай.
Сен айтар әннің мәтінін жазған,
Өзім едім ғой қалқам-ай.
Дірілдеп бақта қауызы гүлдің,
Сөгіліп түстім көбемнен.
Ақындығымның ауызын ұрдым,
Жұбата алмасам өлеңмен.
Мұңайма...
Біздер болсақ та мұңды,
Мұңды етер өмір-базарың.
Шашып алмашы моншақтарыңды,
Содан болмасын ажалым.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі