Жүрегімді жарып шықса жасын ән –
Хамит Есеман
Бұл бетте «Жүрегімді жарып шықса жасын ән» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрегімді жарып шықса жасын ән,
Саған қарай құрақ ұшып асығам.
Түн көзінен тамып түссе тәтті мұң,
Оның несін тағы сенен жасырам.
Тотықұстай тұғырында таранған,
Қыз-құпия тылсымынан нәр алған;
Есің бар ғой емексітпе ерке қыз –
Менің қисық қабырғамнан жаралған.
Тамыр тартып жырым сендей гөзелден,
Жүрек тылсым көкжиектен сөз емген.
Көктем келсе кемер бұзған көл сынды,
Сезім тасып жатыр бүгін көземнен.
Өмір рас жазылмайтын құрысы,
Шапшаң аттай шаң қаптырар жүрісі.
Жүрегіңді жырмен аптап ақықтай,
Омырауыңа гүл қадайын...дұрысы!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі