Күнім! – Хамит Есеман

Бұл бетте «Күнім!» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 547
Тағдырыммен
Егестім ғой,
Өлеңіммен тел өстім ғой.
Бірақ жаза баспайтұғын
Мен –
Жаратқан емеспін ғой,
Күнім!
Тұлпар-тірлік тақымына –
Басты...
Айналдым пақырына.
Жат сыйласқа жақын болып,
Жат көріндім жақыныма,
Күнім!
Ешкім мені түсінбеді,
Қасірет сол ішімдегі.
Өлең қусам өлермен боп,
Ол-тағдырым,
Түсін мені
Күнім!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері