Саған бүгін гүл сыйлайын алқызыл –
Хамит Есеман
Бұл бетте «Саған бүгін гүл сыйлайын алқызыл» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Саған бүгін гүл сыйлайын алқызыл,
Тағдырымда жолықтырған жалғызым.
Саған теңеп әуре болып қайтемін,
Жан көрмеген жұмақтағы хор қызын.
Сен мен үшін жұлдыздардан жарықсың,
Алдаспандай ақиқаттан анықсың.
Дүниеде гүл біткеннен нәзіксің,
Жүрегіме солай орнап қалыпсың.
Сен мен үшін тау суынан тұнықсың,
Дүниені өзгертетін қылықсың.
Жымиғаны қайталанбас ләззатсың,
Жаным енді ләззатыңа құнықсын.
Ана сүті ауызынан кеппеген –
Сәбимен де ұқсастығың көптеген.
Қандай теңеу таба алармын ендігі,
Оны айтуға менің тілім жетпеген.
Сен мен үшін мәңгі бітпес ғазалсың,
Қызығы ешбір тарқамайтын базарсың.
Күліп жүрсең аспаны ашық өмірсің,
Жылап жүрсең мезгілі жоқ ажалсың.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі