Төрт мезгіл – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Төрт мезгіл» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1539
Мына жолдар барады алып көктемге,
Ешқашан да оралмайды ол өткенге.
Жете сала өте шығар жазды iздеп,
Мұратына бiздей ол да жеткен бе?
Құлақ түрiп бұлақтардың назына,
Құлақ түрiп аққулар мен қазына.
Күзге қарай басталады сапары,
Жеткеннен соң қызығы көп жазына.
Күзге жетер жапырағы сарғайған,
Сағыныштан үзiлердей талмайды ән.
Ары қарай қысты iздеп жан-жақтан,
Тарау-тарау жол шығады шалғайдан.
Аппақ қарға оранғандай шартарап,
Көктемдегi аманатты арқалап.
Қысқа жетер сақылдаған аязы,
Күзден қашқан қара жолдар анталап.
Қыстан кейiн көктемдi iздеп жол шығар,
Ырыздығы жолаушының мол шығар.
Төрт мезгiлден тұратұғын, аяулым,
Бұл өмiрдiң бар қызығы сол шығар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төрт мезгіл өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Төрт мезгіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төрт мезгіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төрт мезгіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері