Жапырақ жауған сары күз – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Жапырақ жауған сары күз» атты Қасымхан Бегманов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1003
Ақ қағазға түсіріп сырын сыйған,
Қалай ғана туған ел қырын қиғам.
Жапырақ жауған сары күз сәуле шашып,
Жабырқаған жаныма нұрын құйған.
Қайран сол бір
гүл шашқан көктемдерім,
Жастық дәурен қимас шақ, өткендерім.
Сартапты сағыныштан бұл жылдары,
Күзге айналып жүрегім кеткен менің.
Жапырақ кешкем, аяулы елігіммен,
Алмастырды уақыт сені кіммен.
Қоштасқан күн,
бәрі де кеткенменен,
Кетпей қалды сары күз көңілімнен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері