Таң атады, күн батады – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Таң атады, күн батады» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2823
Таң атады, күн батады,
Қара жерде айналар.
Қатал тағдыр тiл қатады,
Көкiректi қайғы алар.
Бақыт сенiң қолдарыңда,
Күндер келер арайлы.
Жүрiп өткен жолдарыңда,
Өсек қардай борайды.
Қанаттылар барады ұшып,
Уақыт шiркiн зырлайды.
Қара түнде қара мысық,
Көкiректi тырнайды.
Iштен тынды-ау талай дана,
Қос iшектей септесер.
Жер басарсың қалай ғана,
Қадiрiңе жетпесе ел.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері