Сыйлады тағдыр ақындық ғұмыр – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Сыйлады тағдыр ақындық ғұмыр» атты Қасымхан Бегманов жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 742
Сыйлады тағдыр ақындық ғұмыр,
Жанымды мәңгi қинады.
Арадағы бұл жақындықты бiл,
Маңдайға бақыт сыймады.
Ақындық ғұмыр сор менен бақыт,
Көктем мен күздей алмасар.
Ақындық ғұмыр көр менен уақыт,
Жағаңа қабат жармасар.
Ақындық ғұмыр өткiншi жаңбыр,
Күркiрер, құяр, селдетер.
Екiншi өмiр...
басталар таң тұр,
Туған топырақ тербетер.
Ақындық ғұмыр қалар дәптерде,
Азабы жүк қой жүз нарға.
Жабыққан жалғыз қиын сәттерде,
Сүйендiм ерке қыздарға.
Ақындық ғұмыр көздiң жасы бұл,
Аяулы сәтте таматын.
Ақындық ғұмыр сөздiң басы бұл,
Әдемi ән боп қалатын.
Ақындық ғұмыр күлкiсi қыздың,
Нәзiк қоңырау сыңғыры.
Ақындық ғұмыр, түлкiсi түздiң...
...Үзеңгi, жүген сылдыры...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыйлады тағдыр ақындық ғұмыр өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Сыйлады тағдыр ақындық ғұмыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыйлады тағдыр ақындық ғұмыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сыйлады тағдыр ақындық ғұмыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері