Түн даланы тербетіп
Бұл бетте «Түн даланы тербетіп» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әлдилейді түн даланы тербетіп,
Анау тұрған дала ғажап желдетіп.
Дала жазық далада қыр, жыра бар,
Мінездер бар сол сияқты кем-кетік.
Айлар, жылдар жатады ұдай ауысып,
Қыз жанының төзімдерін тауысып.
Әр көкейде жетпей жүрген арман бар,
Бәрі бірдей жүрген жоқ қой қауышып.
Уақыт — ағын, кімдер оны санады,
Армандар-ай, санасыз да саналы,
Кейбіреулер мұзға мені батырса,
Кейбіреулер қуантып та алады.
* * *
Кейде, жақсы жаныңды мұң жайласа,
Кейде жақсы қуаныш тіл байласа.
Кейде, жақсы көкірегінде бұрқылдап,
Тұп-тұнық бір өлең — бастау қайнаса.
Бәрі жақсы, жаман дейтін жаман жоқ,
Түсінерсің, жүрсең егер аман боп.
Ерте емес, кештеу ұқтым япыр-ай,
Өкініш те, арман да көп, амал жоқ.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі