Сен тұрдың – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Сен тұрдың» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 756
Сен тұрдың
менi арманшыл ағаға балай,
Дос пенен дұшпан, дариға-ай, табаламағай.
Жүрек пен теңiз,
аспан,
жер астасып кеттi,
Толқындар шулап асықты жағаға қарай.
Толқындар қайта
ұмтылды шегiне қалып,
Сен тұрдың елдiң сан түрлi сөзiне налып.
Бауыры күнге шағыла шолп ете түскен,
Жастығым болып көрiндi көзiме балық.
Толқындар келiп
ақырын тобықтан ұрды,
Тарттың сен керi иiрiммен қорыққан ұлды.
Қош,
аяулы қара көз,
Шардара жақта,
Есiме ап жүрем ақ нұрмен жолыққанымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен тұрдың өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Сен тұрдың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен тұрдың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен тұрдың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері