Ауыл таңы
Бұл бетте «Ауыл таңы» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аралап ем малды ауылды аз-ақ күн,
Әзіл-оспақ, әдет-ғұрып ғажап тым.
Көбі таңсық, ойлап қалдым мен өзім
Санатында бармын ба деп қазақтың?!
Ағай пысық, ұқсамайды қартыңа,
Аталардың адал екен салтына.
Оң жақта, әне, үй ішінде бір үй бар,
Жасырынған шымылдықтың артына.
Боз даланың бұзған тыныш ырығын —
Естіп жаттым бозторғайдың шырылын.
Мен де кеттім сол торғайға қосылып,
Тоқтата алмай жүректегі жыр үнін.
Шөп майысып, сәл қырауды жүк қылып,
Күзгі тұман танытқандай мықтылық.
Жарқ еткенде жайраң қаққан Күн сұлу,
Жанарлары жылт-жылт етті шық күліп.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі