Желкенді қайық
Бұл бетте «Желкенді қайық» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кішкентай ғана шарана,
Жүректей ерні бүлкілдеп.
Табиғат салған жара ма,
"Жан құйған еңбек" үлпілдек.
Әлемді байтақ көзге ілмей,
Қарайды ана қас қақпай.
Қызғанар жанға сездірмей,
Мақтанар және асқақтай.
Базарлы енді, үй қызық,
Мәндірек сезер заманын —
Жер шарын түгел сыйғызып,
Құшағы құйттай ананың!
Көкжиек — сонау, арманы,
Желкені — мынау, нәресте.
Болса да қауіп бар маңы,
Бақыты қола емес пе?
Ал өмір — теңіз толқыны,
Желкенсіз қалай жетерсіз!
Қинама жанды, делқұлы,
Ескекпен шаршап бекер, сіз.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі