Бұйығылау боп өстiм де – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Бұйығылау боп өстiм де» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 620
Бұйығылау боп өстiм де,
Көкiректе арман сызаттап.
Сезбейтiн сiрә ешкiмде,
Мен сүйген қызын көршi ауыл,
Той жасап ертең ұзатпақ.
Көкбаразданған бойыңа,
Не теңеу айтсам рауа.
Жадау көңiлмен тойыңа,
Алшайысу батып жаныма,
Боз атпен келдiм күн ауа.
Күтетiн әкең «шынжырлап»,
Жанынан шықпай бiр адым,
Сағалдырығың сылдырлап,
Дәмелi жұрттан сытылып,
Бөдес қылаңмен ұзадың.
Күйеуден бозым үстем ет,
Жiгiтке сын ба, қалған сын,
Ернiңнен үнсiз тiстелеп,
Үстiңнен төнiп сүйгенде,
Жағымнан тартып қалғансың.
Ал сонда кiмдi қаусаттың,
Қаусырды қазiр күз менi.
Жағыма тиген саусақтың,
Жүзiмде емес, жаным-ау,
Жүректе қалды iздерi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұйығылау боп өстiм де өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Бұйығылау боп өстiм де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұйығылау боп өстiм де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұйығылау боп өстiм де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері