Ақын азабы – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Ақын азабы» атты Қасымхан Бегманов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 646
Жапырақтарға жел үзген,
Жабырқай қарап қыр жатты.
Тiршiлiк атты теңiзден,
Iздедiм мұңлы ырғақты.
Көлеңкесiнде ер жеттiм,
Шифрсыз тоқал тамдардың.
О, тағдыр, неге ерке еттiң,
Мен бәрiн кештеу аңғардым.
Не жылтыраса сол мода,
Жiгiттiк жеттi желпiнген.
Өлеңге ғашық сонда да,
Айыға алмадым дертiмнен.
Жастық шақ өттi жұпыны,
Сан рет сенiм қаусады.
Жүректiң тұңғыш лүпiлi,
Елiктей қыздың саусағы.
Көзiнен барша адамның,
Қуаныш пенен қайғы iшкем.
Қорлығын көрер жаманның,
Мен деген сорлы байғұс па ем...
Жапырақтарға жел үзген,
Жабырқай қарап қыр жатты.
Тiршiлiк атты теңiзден,
Iздедiм мұңлы ырғақты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын азабы өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Ақын азабы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын азабы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын азабы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері